Жетісу облысының Жоңғар-Алатау ұлттық паркінде визит-орталығы ашылды
Жоңғар-Алатау ұлттық паркінде жаңа визит-орталығы ашылды. Енді мұнда келетін туристер қажетті ақпаратты алып, сапарын жоспарлай алады.
Қазір ұлттық парк аумағында 15 туристік бағыт жұмыс істейді. Алдағы уақытта Жасылкөл бағыты бойынша тағы бір визит-орталығын ашу жоспарланған. Былтыр ұлттық паркке 7 мыңнан астам турист келген.
Кенжебек Иманәліұлы, турист:
Шетелге барып демалғанша, өзіміздің Қазақстанда демалмаймыз ба? Міне, жер жәннаты – Жетісуда демалатын орындар ашылып жатыр. Өзіміздің экономикамызды көтермейміз бе? Шетелге ақша шашқанша, өзіміздің Қазақстанға құяйық.
Мақсұт Шәмшидинов, Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туризм инженері:
Біздің негізгі мақсатымыз – туристер санын арттыру. Ол үшін мүмкіндік жеткілікті. Мұнда Сиверс алмасы өседі. Былтыр бұл жаққа 913 адам келді. Осы жерден Төменгі Жасылкөлге, Сиверс алмасы өсетін ғылыми-танымдық бағытқа, Шумский мұздығына және Ақкөл көліне саяхат жасауға болады.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17