Түркістан облысында аптап ыстықтың кесірінен автожолдарға нұқсан келді
Соңғы күндері ауа температурасы 40 градустан жоғары болуы себепті, кейбір цементбетон жолдар көтеріліп, қозғалысты қиындатқан. Жаз басталғалы өңірде республикалық маңыздағы мұндай жолдардың 13 учаскесінде бетон плиталар жарылып кеткен. Жол жамылғысының температурасы 60-70 градусқа дейін қызған кезде зақым келген. Жұмысшылар бүлінген учаскелерді дереу жөндеп, көлік қозғалысы қалпына келді. Арнайы кезекші топ цементбетон жабындарын тәулік бойы тексеріп, мониторинг жүргізуде.
Ерсайын Сейдакбар, «ҚазАвтоЖол» АҚ Түркістан облыстық филиалы бөлімінің бас маманы:
200-ге жуық жол жұмысшысы бар. Әр пункт бойынша 12 жол пайдалану бөлімшесі бар. Арнайы техникалар күзетілім жүргізіп жүр, ішінде бірнеше адамы бар. 12 арнайы күзетілім жүргізетін техника бар. Одан бөлек 24 техника бар, жол телімінің бұзылуына байланысты жұмылдырылады.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32