Жетісу облысында мердігерлер мемлекет қазынасына 1,6 млрд теңге қайтарды
Жетісу облысында газ құбырын тартқан мердігерлер соңғы екі жылда мемлекет қазынасына 1 млрд 600 млн теңге қайтарды. Бұған құрылыс кезінде жіберілген заңбұзушылықтар – себеп. Мәселен Ескелді ауданында құрылыс компаниясы газ құбырының бетон негізіне жобада көрсетілгеннен аз мөлшерде құрылыс қоспасын пайдаланған. Сот шешімімен мердігер қазынаға 45 млн 900 мың теңге қайтаруға міндеттелді. Қазір кемшіліктер жойылып, аудан тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Қазір Жетісу облысында 110 елді мекен, 470 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қосылған. Бұл – өңір халқының 67 пайызы. Жауаптылардың айтуынша, газдандыру жұмыстары әлі де жалғасады.
Азат Қанашжанов, облыстық Энергетика басқармасы Газдандыру бөлімінің бас маманы:
Қазір өңірде жалпы құны 16,5 млрд теңге болатын 16 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жоспарланған 576 шақырым газ құбырының 430 шақырымы тартылды. Сонымен қатар Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарындағы 84 елді мекенді газдандыруға қажетті құжаттама әзірленіп, қаржы бөлуге өтінім жолданды. Құрылыс жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстап отырмыз.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03