Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
«Спасск» полигонында отандық ұшқышсыз жүйелер мен роботтандырылған кешендер сынақтан өтті. Мамандар әзірлеген жаңа техникалар жауынгерлік жағдайға жақын ортада тексерілді. Сынақ барысында оқ-дәрі жеткізуге, жараланғандарды эвакуациялауға және жүк тасымалдауға арналған роботтар таныстырылды. Сондай-ақ бір оператордың бір мезгілде 100-ге дейінгі дронды басқаруына мүмкіндік беретін жаңа жүйе көрсетілді. Мамандардың айтуынша, мұндай сынақтар отандық әскери технологияларды жетілдіруге және әскерді заманауи техникамен қамтамасыз етуге жол ашады.
Әділ Құсайын, ҚР Қорғаныс министрлігінің көрсетілімдік сынақтар комиссиясының өкілі:
Өздеріңіз білетіндей, әлемдік қарулы қақтығыстарды алатын болсақ, пилотсыз жүйе және робототехникалық кешендерді маңызы жоғары. Әуеден барлау жасауы, қауіпті аймақтарды қадағалауы және әуеден соққы беру сияқты көптеген мүмкіндіктері бар. Қазіргі демонстрациялық комиссияның негізгі міндеті отандық өндірушілермен бірлесіп, олар ұсынған пилотсыз жүйелер мен робототехникалық кешендердің техникалық сипатын, мүмкіндіктерін тексерудеміз.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28