Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
Соңғы жылдары еліміздегі ауыр жүк көлігінің иелері жолда жүру тәртібін сақтауға ерекше мән бере бастады. Мәселен, биылғы алты айда Павлодар облысында ереже бұзған небары 33 көлік тіркелген. Бұл үш жыл бұрынғы мәліметпен салыстырғанда үш есеге кем. Мәселен, 10 күн бұрын республикалық «Температуралық режимді сақта!» акциясы басталды. Небары 7 жүргізуші көліктік бақылау инспекторының ескертуі бойынша арнайы тұраққа аялдаған.
Абылайхан Тұрсынов, көлік жүргізушісі:
Бізді тоқтатқан кезде ауа райы 32 болып тұрды. Қазір енді төмендеп келеді. Жаңбыр жауғалы тұр. Енді 25-ке түскенше біраз күте тұрамыз. Өйткені Павлодар облысының жолдарын бүлдіргіміз келмейді. Осы транспорттық бақылауға ешқандай реніш жоқ, күтеміз ауа райы түскенше дейін.
Ресми дерекке қарағанда Ертіс-Баян өңірі жолдарының 97% сапалы. Бұл республика бойынша алдыңғы үштікте деген сөз. Ең бастысы, ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері тарапынан бюджет қаражатын үнемдеуге деген талпыныс бар.
Марат Тілегенов, Павлодар облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары:
Жүргізушілер нормалық-құқықтық актілерді үнемі оқып отырады. Себебі қазір айыппұл көлемі өте жоғары. Мәселен, 25 градустан жоғары температуралық режимде әр білікке түсетін жүк салмағы 8 тоннадан асатын көліктер арнайы тұрақтарға өздері барып тоқтайды. Температура түспеген жағдайда олар кешкі сағат тоғыздан кейін жолға шыға алады. Заң бойынша солай.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32