Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 80 қылмыс тіркелді
Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 80 қылмыс тіркелген. Бұл туралы жауаптылар өткізген арнайы брифингте айтылды. Ішкі істер министрлігі адам тағдырын табыс көзіне айналдырған екі ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтаған. Оның бірі Алматыда анықталды. Тергеу мәліметінше, күдіктілер тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды пайдаланып, олардың атына қымбат көліктерді рәсімдеген. Осылайша, жалған несие тарихын қалыптастырып, кейін көліктерді сатып отырған. Қазір топтың негізгі ұйымдастырушылары ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Самат Құсетов, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:
Ауылдық жерлерде адамдарды еркінен тыс, мәжбүрлі түрде еңбекке тарту жағдайларына да бақылау күшейтілді. Арнайы мобильді топтар елді мекендерді аралап, азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын қадағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биылдың өзінде 15 адамға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіліп, 29 жәбірленуші мемлекеттік қорғауға алынған.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32