Орман өртеніп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді
Түркияның Муғла провинциясына қарасты Фетхие ауданында орман өртенді. Аптап ыстықтың кесірінен тез жайылған от тұрғын үйлерді де шарпып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Жалынға оранған екі тұрғын үй жарамсыз күйге түскен. Екі жүз гектар алаңға жайылған тілсіз жауды ауыздықтауға 14 тікұшақ пен 5 ұшақ және ондаған арнайы техника жұмылдырылды. Бірнеше сағаттан кейін өрт сөндіріліп, қазір мамандар суыту жұмыстарына кірісті. Жаз басталғалы ауа райының күрт ысуы мен құрғақшылықтың кесірінен Түркияда орман мен дала өрті көбейген. Мамандар тұрғындарды от жаққанда мұқият болуға шақырды.
Илгили Каражабей, Түркия ормандары бас дирекциясының басшысы:
Өрт шыққаны туралы хабар алған соң біздің адамдарымыз алты минут ішінде оқиға орнына жетті. Ең алдымен тұрғын үйлерге жақын маңдағы өртті сөндірдік. Аптап ыстық пен қатты жел өртті сөндіруге көп кедергі келтірді. Бір қуанарлығы бұл апатта өрт сөндірушілер арасында да, тұрғындар арасында да жарақат алғандар жоқ.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03