Шымкентте таудан аққан сел бірнеше көшені шайып кетті
Шымкентте тұтас бір елдімекен су астында қала жаздады. Түн ішінде таудан аққан сел Елтай шағын ауданындағы тұрғындарды әбден әбігерге салды. Толассыз жауыннан кейін бірнеше көше мен жеті үйдің ауласын су басқан. Қазір тасқын салдарын жою үшін мамандар жұмыс істеп жатыр.
Марлан Жолдахмет, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары:
Нөсер су осы каналдың бойымен аман-есен өтіп шықты. Басып қалған үйлер болған жоқ. Мына Найзатас көшесінің бойында екінші қырдан аққан ағынды судың салдарынан 7 үйдің ауласына су басты. Қазіргі уақытта көшені тазалау жұмыстарын жүргізу барысындамыз. Осы 7 үйдің ауласын тазалау барысында.
Жауаптылардың мәліметінше, аумақты лай мен тастан тазарту үшін 6 арнайы техника мен 50 адам жұмылдырылған. Алдағы уақытта селден келетін қауіпті азайту үшін канал жағалауын бетондап, нығайтпақ.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32