Трамп әлемнің 60 еліне тариф енгізді
АҚШ әлемнің 60 еліне қосымша баж салығын енгізді. Жаңа тарифтер 10 және 12,5 пайыз көлемінде болмақ. Бұл шешім мәжбүрлі еңбекке қатысты талаптардың орындалуына байланысты қабылданған. Сонымен бірге былтыр Трамп әкімшілігі америкалық тауарларға жоғары баж салатын елдерге қарымта тариф енгізген еді. Оның күші бүгін жойылып, орнына Трамп жаңасын енгізіп отыр. Талаптарға сай, мәжбүрлі еңбекпен өндірілген тауар импортына тыйым салған елдерге тариф 10 пайыз көлемінде болады. Олардың қатарына Канада, ЕуроОдақ, Ұлыбритания, Үндістан бар. Ал Қазақстан, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея мен өзге де елдерге баж салығы 12,5 пайыз деп белгіленген. Сарапшылардың пікірінше бұл өзгеріс мемлекеттік кірісті ұлғайтуға бағытталған.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17