Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
Алматы Орталық Азиядағы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды. Американың беделді Итэр басылымы, мегаполисті 2026 жылға арналған «Уэя ту Ит» – тағамсүйерлер міндетті түрде баруы тиіс бағыттар тізіміне енгізді. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы хабарлады. Басылым Алматыда қазақтың ұлттық аспаздық дәстүрлері түрлі халықтардың асханасымен үйлесім тауып, ұлттық тағамдармен қатар заманауи гастрономияда қарқынды дамып келеді деп жазады.
Сондай-ақ, қала қонақтарына қазы, палау, самса, лағман сияқты тағамдардың дәмін татып көруге кеңес береді. Сарапшылардың пікірінше, халықаралық рейтингке ену Алматының туристік тартымдылығын арттырады.
Санжар Қалешов, «Алматы Туризм бюросы» ЖШС бөлім басшысы:
Алматы қаласы үшін «Where to Eat» әлемдік деңгейдегі журналға біздің ресторандарымыздың кіруі өте үлкен мәртебе деп есептейміз Осындай рейтингтердің арқасында біз туристердің санын көбейте аламыз. Өйткені біздің ресторандарымыздың әлемдік, жаһандық деңгейде аты шығып, гастрономиялық туризмді дамытуға үлкен үлесімізді қоса аламыз.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05