Түркияда үйлерді су басты
Түркияның Кастамону провинциясына қарасты Жиде қалашығын су басты. Өңірде нөсер жаңбырдың кесірінен өзендер арнасынан асып, көшелер мен үйлер суға толған. Таңғы төрттер шамасында басталған селден 150-ден аса үй мен жұмыс орнын су алып кеткен. Табиғи апаттан зардап шеккен жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді. Арнайы қызметтердің мәліметінше, апаттан қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Селдің кесірінен бірқатар қаларалық жолдар жабылды. Қазір арнайы қызметтер апаттың зардаптарын жою жұмыстарымен айналысып жатыр.
Яшар Ачар, жергілікті тұрғын:
Шамамен таңғы сағат төртке қарай қатты жаңбыр басталды. Балконға қайта-қайта шығып қарап жүрдім. Біраздан кейін өзен тасып, көшелер мен үйлерді су алып кетті. Сосын жарық сөніп, лифт істемей қалды.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17