Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
Атырауда биыл екі отбасылық-дәрігерлік амбулатория қолданысқа беріледі. Осылайша Қара депо және Көкарна шағын ауданы тұрғындары үшін медициналық қызмет әлдеқайда қолжетімді болмақ. Қос нысанның құрылысына облыстық бюджеттен бір миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Амбулаторияға қажетті құрал-жабдықтар жеткізілген. Екі ауысымда 50 адамға дейін қабылдайды. Күндізгі стационарлық ем қабылдау бөлмелері де қарастырылған. Жалпы былтыр өңірде 7 медициналық нысан салынса, биыл 4 ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Тағы 14 дәрігерлік амбулатория салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған.
Нұрболат Оразалин, мердігер мекеме өкілі:
Амбулаторияда зертхана, физиотерапия, стоматология және гинекология кабинеттері жұмыс істейді. Сонымен қатар, мүгедектігі бар жандарға қажетті жағдай жасалған. Ғимарат толық бейнебақылау жүйесіне қосылды. Қазір құжаттар рәсімделу үстінде.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17