Басты Жаңалықтар Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Бүгін Франция президенті Эммануэль Макрон өрттің Бордо қаласына жақындауына байланысты министрлер кабинетінде төтенше жиын өткізеді. Айта кетсек, қазір бұл мемлекет Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең үлкен орман өртімен күрес жүргізіп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, биыл 98 мың гектар жасыл желек күлген айналған. Әсіресе, елдің оңтүстік-батысындағы жағдай қиын. Бұл өңірде 220 мың адам эвакуацияланды. Ал синоптиктер ертең ауаның температурасы тағы да 40 градусқа дейін көтеріліп, қауіптің тіпті күшейетінін ескертіп отыр.

Испанияда да осыған ұқсас ахуал. Мұнда 77 мың гектар орман жанып кеткен. Тілсіз жау корольдік астанасы Мадридке де жақындап қалды. Сонымен қатар, Авила аймағы мен Валенсия қаласы маңында да лапылдаған жалын дес бермей жатыр. Жалпы алғанда, соңғы күндері Испанияда 100 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кеткен.


Бөлісу