Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
Елімізде 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Электр стансаларын жөндеуге энергия нысандарының меншік иелері 384 млрд теңге қаржы бөлген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 %-ға артық. Биыл 9 энергоблокқа, 55 қазандыққа және 51 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазір жөндеу жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүріп жатыр. Ал кейбір нысандарда бұрын анықталмаған жасырын техникалық ақаулар анықталды. Олар жөндеу барысында жойылады. Ерекше бақылауға тәуекелдің «қызыл» аймағындағы бес жылу энергетика нысаны алынды. Олар – Семей, Орал және Тараз қалаларындағы жылу электр орталықтары, Ақтау қаласындағы ЖЭО-2 және Теміртаудағы ГРЭС-1. Жыл қорытындысы бойынша электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету жоспарланған. Қабылданған шаралар алдағы жылыту маусымында халықты жылу және электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.
Ержан Ертаев, ҚР Энергетика министрлігі мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы:
Жылыту маусымы басталғанға дейін электр беру желілерін 444 қосалқы станция және 377 шақырым жылу беру күрделі жөндеу және реконструкциялау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 6,3 мың шақырым электр беру желілері 15 қосалқы станция және 65 шақырым жылу электр желілері жөнделді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы