Қазақстан Халық партиясы «Мәңгілік классика» акциясын өткізді
Қазақстан Халық партиясының бастамасымен Алматыда «Мәңгілік классика» акциясы өтті. 28 панфиловшылар саябағында ұйымдастырылған іс-шара мәдениет пен қоғамдық диалогты ұштастыруға бағытталған. Келушілер өнерпаздардың орындауындағы әлемдік классикалық музыканы тыңдап, партияның сайлауалды бағдарламасымен танысты. Қала тұрғындары білім беру, денсаулық сақтау секілді әлеуметтік салаларға қатысты сұрақ қойып, ұсыныстарын жеткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат халықпен ашық байланыс орнатуға және өзекті мәселелерді бейресми жағдайда талқылауға мүмкіндік береді. Іс-шараға партия мүшелері, өнер жұлдыздары және Құрылтай сайлауына ұсынылған кандидаттар қатысты. Мұндай жиындар алдағы уақытта да жалғасын табады, дейді партия мүшелері.
Бейбіт Құсайынов, Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары:
Тізім бойынша айта кетсек, біздің партиямыздың саяси тізімінде 72 адам бар. Олардың ішінде әнші, актер, ғалымдар мен мұғалімдер бар. Тіпті кезінде мемлекет жұмысында істеген азаматтар бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы