Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ғылымды стратегиялық дамытуға арналған кешенді жоспардың жобасы таныстырылды. Құжат алдағы төрт жылды қамтиды. 4 негізігі бағыт, барлығы 72 қадам бар. Аида Балаева жоспарды іске асыру кезінде бюджет қаржысы тек ғылыми-практикалық мәні бар жобаларға жұмсалуы тиіс екеніне баса назар аударды. Жиында Ұлттық ғылым академиясының бастамалары да сөз болды. Ғылымды стратегиялық дамытудың кешенді жоспарына Академия жер сілкінісін болжау, астықты терең өңдеу, су ресурстарын басқаруға арналған цифрлық технологиялар секілді тақырыптарда 8 маңызды бастама қосты. Отырыс соңында Аида Балаева ғылымды және инновацияларды дамыту жобаларын бір құжат ретінде біріктіруді, оны талқылау барысында айтылған барлық ұсынысты ескере отырып дайындауды тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы