Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
Бүгін қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бірінші Мамыр ауылында дүниеге келген. Ол – ең қуатты кеңестік 50 әскери ұшақ түрін сынақтан өткізген атақты сынақшы-ұшқыш. Тау тұлға 1988 жылы Солтүстік полюске ұшып, Кеңес Одағының Батыры атанды. 1989 жылы «МиГ-29К» ұшағын әскери кеме палубасына алғаш қондырып, әлемдік рекорд орнатты. 1991 жылы 2 қазанда «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшып, тарихтағы алғашқы қазақ ғарышкері атанды. Сапар барысында экология, медицина және биология салаларында зерттеулер жүргізді. Осылайша, оның есімі отандық авиация, ғарыш саласы мен Қазақстан Қарулы күштерінің қалыптасу тарихында мәңгі сақталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы