69 перинаталдық орталық тексеріледі
Денсаулық сақтау министрлігі 15 тамызға дейін еліміздегі босандыру қызметін көрсететін 69 медициналық ұйымды тексереді. Мақсат – ана мен нәресте қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу. Тексеріс барысында антибиотиктердің дұрыс қолданылуы, бактерияға қарсы дәрілердің тек дәрігер рецептімен берілуі қадағаланады. Жаңа талаптарға сәйкес перинаталдық орталықтарда мұндай бақылау енді әр жарты жыл сайын өткізіледі.
Жанерке Төлеуғалиева, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының бас сарапшысы:
Медициналық қалдықтар, дәрігерлердің сол жерде жұмыс істеуге рұқсатнамасы, денсаулық сақтау обьектісі құжаттарының толық болуы тексеріледі. Құқық бұзушылықтар болған жағдайда бірден айыппұл салынатын. Ал қазіргі жаңа заңнама бойынша санитарлық ұйғарым беріледі. Түзетуге уақыт беріледі. Қателік жөнделсе, онда ешқандай шара қолданылмайды. Жөнделмеген жағдайда айыппұл салынады. Бірақ екі есе көлемде салынады.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27