ІІМ жасөспірімдерді жеке мәліметтерді жарияламауға шақырады
Әлеуметтік желіде жеке деректерді жариялаудың соңы үлкен өкініштерге әкелуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі әсіресе жасөспірімдерді интернет кеңістігінде жеке ақпараттар туралы жарияламауға шақырады.
Айжан Иманғали, тілші:
Әлеуметтік желілер өзгелермен араласуға, жаңа ақпарттармен танысуға және өмірдегі оқиғаларды айтуға көмектеседі, алайда тым ашық болу - үлкен тәуекелдерге әкелуі мүмкін. Сонымен қауіпсіздіктің басты ережелері қандай? Жеке ақпаратты жарияламаңыз. Үйдің мекенжайы, телефон нөмірі, мектеп атауы, сабақ кестесі және бейтаныс адамдарға орналасқан жеріңізді анықтауға көмектесетін басқа да мәліметтерді көрсетпеген жөн. Сондай-ақ нақты уақыт режимінде геолокациясы бар фотосуреттер мен сторис жүктемеңіз. Ол мәліметтермен сол жерден кеткеннен кейін салған дұрыс. Достар қатарына тек өзіңіз жеке танитын адамдарды ғана қосыңыз. Аккаунтыңыздың құпиялылық баптауларын реттеңіз, жазбаларыңыз тек сенімді пайдаланушыларға ғана қолжетімді болсын. Бейтаныс адамдарға жеке фотосуреттерді, құжаттарды және басқа да құпия ақпаратты жібермеңіз. Егер бейтаныс адам тым артық назар аудара бастаса, жеке сұрақтар қойса, қайда екеніңізді айтса немесе қорқытуға тырысса, қарым-қатынасты дереу тоқтатыңыз. Күдікті аккаунтты бұғаттаңыз. Бұл жайтты ата-анаңызға, заңды өкілдеріңізге немесе өзіңіз сенетін басқа ересек адамға міндетті түрде хабарлаңыз. Ішкі істер министрлігі сіздің қауіпсіздігіңіз жазылушылар мен лайк санынан әлдеқайда маңызды екенін ескертеді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01