АҚШ пен Иран атысты уақытша тоқтатты
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға соққы беруді уақытша доғарды. Екі күннен бері Ислам Республикасына Америка тарапынан шабуыл жасалған жоқ.
Мұны Құрама Штаттардың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Майк Уолц Fox News телекомпаниясына берген сұқбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, президент келіссөздерге мүмкіндік беру үшін үзіліс жариялаған. Өзге бір сөзінде, Уолц зениталық оқ-дәрі қоры таусылуға таяу деген ақпаратты жоққа шығарды.
Көп кешікпей Иран армиясы да мәлімдеме жасап, Тегеранның АҚШ-тан кек алу шабуылдарын тоқтатқанын хабарлады. Айта кетсек, тараптардың мәмілеге келуіне бөгет болып тұрған негізгі түйіткіл – Ормұз бұғазы. Ол әрі қарай қалай бақыланады?
Соңғы мәліметке қарағанда, АҚШ пен Иран атысты доғарғаннан кейін мұнай бірден 4 пайыз арзандап, Brent маркалы қара алтын баррелі 92 доллар 82 центке сатылып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы