Басты Жаңалықтар Оралда төтенше жағдай жарияланды

Оралда төтенше жағдай жарияланды

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстықтың салдарынан бір тәулікте 48 өрт оқиғасы тіркелді. Оралда жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.

«Тілсіз жау» ошақтары Орал қаласы мен өңірдің 4 ауданында тіркеліп отыр. Қала іргесіндегі Хан тоғайын шарпыған өрт бүгін түсте сөндірілді. Қазір барлық күш тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды. Оқиға орнында арнайы штаб құрылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыс әкімінің тұрақты бақылауында.

Нұралы Мусиев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:

Өрт сөндірудегі қиындықтарға бағытын тез өзгертетін қатты желдің салдары, сонымен бірге қоқыс полигонындағы өрт ошақтарына арнайы техниканың жете алмауы себеп болып тұр. Дегенмен арнайы инженерлік техниканы қолдана отырып, тұрмыстық қалдықтардың үстіне топырақ төселіп, сөндіру жұмыстары жалғасуда.


Бөлісу