Басты Жаңалықтар Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді

Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді

Ертең «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялар арасында ұлттық теледебат өтеді. Биылғы пікірсайыстың тақырыбы – «Қазақстанның болашағы – адам капиталы».

Дебат барысында жеті саяси партияның өкілдері бір алаңда бас қосып, өз партияларының сайлауалды бағдарламаларын таныстырады. Ел дамуының басым бағыттары бойынша партиялық ұстанымдарын жеткізеді. Саяси пікірсайыс барысында телекөрермендердің сауалдары мен ұсыныс-пікірлерін қабылдау үшін арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді. WhatsApp пен әлеуметтік желілер арқылы жолданған сұрақтар тікелей эфирде қатысушыларға қойылады. Ұлттық теледебат 29 шілде күні сағат 19:25-те «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан және телеарнаның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.


Бөлісу