Ассамблея өкілдері Құрылтай сайлауын талқылады
Алматыда этнос өкілдері алдағы Құрылтай сайлауын талқылады. Жиында жаңа құрылымның міндеттері, этномәдени бірлестіктердің рөлі мен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері сөз болды. Қатысушылар бұл өзгерістердің мақсаты азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту екенін атап өтті.
Кездесуде қоғамдық институттардың жұмысын жетілдіруге бағытталған өзгерістер талқыланды. Қатысушылар жаңа Конституция аясында жүзеге асырылып жатқан реформалардың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды нығайту екенін айтты. Сондай-ақ қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық татулықты нығайту және этномәдени бірлестіктердің қоғамдағы рөлін арттыру мәселелері көтерілді.
Долкунтай Әлиев, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы:
Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бірлігін нығайтуға, жастарымыздың білімді болуына, тәртіпке бағынатын, елін сүйетін азамат тәрбиеленуіне Құрылтай сайлауы үлкен жол ашады. 7 партия бар. Оның ішінде біз өзіміз таңдаған, елімізге, халқымызға қызмет қылатынды өз еркімізбен таңдаймыз.
Басқосуда қоғамдық келісімді сақтау, этномәдени бірлестіктердің қоғамдағы орны және алдағы Құрылтай сайлауының маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылардың пікірінше, қолға алынған өзгерістер азаматтық қоғамның дамуына жаңа серпін береді. Сондай-ақ 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болмақ дейді.
Рустам Каиреев, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:
Қазақстан азаматы ретінде алдағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысу әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз деп санаймын. Бұл – елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезең. Біздің басты мақсатымыз – ел бірлігін сақтау және оның дамуына бірге үлес қосу.
Отырыс соңында этномәдени бірлестік өкілдері Құрылтайға белсенді атсалысуға дайын екендерін жеткізді. Олар қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы