Басты Жаңалықтар Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады

Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады

Ертең Астанада алғаш рет «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады. Бұл – киберспортты, дәстүрлі спорт түрлерін және заманауи технологияларды бір арнаға тоғыстыратын жаңа форматтағы халықаралық жарыс. Білек пен білімді астастырған аламан 9 тамызға дейін жалғасады.

Биылғы «Болашақ ойындарының» басты ерекшелігі – жарыс клубтық форматта өтеді. Спортшылар алдымен виртуалды кеңістікте сынға түсіп, кейін жарысты нақты спорт алаңында жалғастырады. Турнир аясында сегіз дисциплина бойынша жарыс өтеді. Ол сайыстар Астанадағы төрт ірі спорт нысанында ұйымдастырылады. Жалпы жүлде қоры демеушілік қаражат есебінен 4 миллион 650 мың доллар болмақ.

Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:

Жүлде қоры. Оның ішінде Dota 2 және PUBG: Battlegrounds дисциплиналарының әрқайсысына 1 миллион АҚШ долларынан жүлде қоры қарастырылған.

Жалпы, фиджитал спорты әлемнің 115-тен астам елінде және Қазақстанда дамып келеді. Елімізде, мәселен, бұған дейін өткен «Болашақ ойындарында» қазақстандық командалар фиджитал-шутер дисциплинасында екі рет қатарынан чемпион атанды.

Дэн Меркли, Phygital International бас атқарушы директоры:

Қазақстан инновацияларға, технологияларға, жастарды дамытуға және халықаралық ынтымақтастыққа инвестиция салуға нақты ұмтылысын көрсетіп отыр. Бұл басымдықтар фиджитал-қозғалыс құндылықтарымен тығыз байланысты, осының арқасында Астана фиджитал-спорт саласындағы жетекші әлемдік оқиғаны өткізудің табиғи алаңына айналып отыр.

Бұл жарысқа еліміздің атынан 11 команда мен жекелеген спортшылар бақ сынайды. Турнирді ұйымдастыру жұмыстарына 800 ерікті жұмылдырылмақ.


Бөлісу