Басты Жаңалықтар Жапонияда жер сілкінісі кезінде 13 адам қаза тапты

Жапонияда жер сілкінісі кезінде 13 адам қаза тапты

Жапонияның оңтүстік-батысында жер сілкінісі кезінде 13 адам қаза тапты. Мұны осы елдің премьер-министрі Санаэ Такаичи бүгін мәлімдеді. Бірталай адам үйінділер астында қалып қойған немесе жоғалып кеткен. Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Оған қорғаныс күштерінің жауынгерлері де тартылды.

Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында қуаты 7,1 баллдық дүмпу сейсенбі күні болды. Одан 40 мыңдай үй жарықсыз қалып, 260 мыңдай тұрғынға эвакуациялануға кеңес берілді.

«Эн-эйч-кей» телекомпаниясының хабарлауынша, апат жайлаған аралда пойыздар қатынасы доғарылды.

Әлемдегі магнитудасы 6 баллдан асатын жер сілкіністерінің 20 пайызы Тынық мұхит вулкандарының «отты сақинасы» аталатын аймақта орналасқан Жапонияда болады.  Ал Кумамотода осыдан 10 жыл бұрын алапат зілзаладан 275 адам қаза тапты.


Бөлісу