Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
Қарағанды облысында оқу жылына дайындық қыза түсті. Биыл өңірдегі 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Тағы 124 мектеп жылдағыдай жоспарлы жөндеуден өтеді. Барлық жұмыстар тамыздың 20-сына дейін толы аяқталуы тиіс.
Қарағандыдағы №50 мектеп 1962 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмепті. Былтыр реновация бағдарламасы аясында ғимаратты толық жаңарту жұмысы басталды. Күрделі жөндеу аясында мектептің қасбеті, шатыры жаңартылып, инженерлік желілері ауыстырылып жатыр. Білім ошағында 600-ге жуық бала оқиды.
Жанар Балапанова, мектеп директоры:
2024-2025 оқу жылында бізде фасад, бірінші қабат толық күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда бізде 2-3-қабаттар күрделі жөндеуден өтіп жатыр. 493 миллион теңге қаражат бөлінді. Былтырғы оқу жылында 272 миллион теңгені толық, 100 пайыз игердік. Биылға 221 миллион теңге қарастырылып отыр.
Одан бөлек, тағы 17 мектепте дәл осындай жұмыс жүргізіліп
жатыр. Барлығына облыстық бюджеттен 8 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.
Мектептердің 11-і Қарағандыда, қалғаны Шет, Абай, Қарқаралы мен Осакаров
аудандарында орналасқан. Жауапты мамандардың айтуынша, білім ошақтарының
материалдық-техникалық базасы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Былтыр химия,
биология, физика, STEM бағыттары және робототехника бойынша 78 заманауи пәндік
кабинет жабдықталды.
Есентай Әшім, қалалық білім беру бөлімінің басшысы:
Оқу-ағарту министрлігінің реновация жобасына енген мектептер. Мағынасына келген кезде, реновацияның негізгі талабы – осы мектептердің жұмыстары мен дизайнын «Келешек мектептердің» жағдайына толық жеткізу болып табылады. Сондықтан бұл тек қана күрделі жөндеу жұмыстары емес, 18 мектептің жабдықтарын да толық ауыстыру болып саналады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы