Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынады
Президент тапсырмасына сәйкес Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынады. Онда жылына 300 мың тонна катодты мыс, 10 тонна алтын, 300 тонна күміс және 1,5 млн тоннадан астам күкірт қышқылы өндірілмек. Инвестициялық жобаның жалпы құны – 750 млрд теңге. Қазақстан Үкіметі мен «Qazaq Smelter» серіктестігі жобаны іске асыру бойынша келісімді мақұлдап, тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Кәсіпорынның құрылысы келер жылы басталып, 2030 жылы аяқталады. Өндіріс орнына жергілікті мамандар жұмысқа тартылмақ. Сондай-ақ инвестор Қарағанды облысында 50 студентті даярлау бойынша міндеттемелер алып отыр.
Азамат Панбаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің комитет төрағасы:
Жоба металлургия саласындағы ең ірі жобалардың бірі болады. Құрылыс барысында 2,5 мың, зауыт іске қосылғаннан кейін 1200 тұрақты жұмыс орны құрылады. Жоба заманауи технологиялармен қамтамасыз етіліп, экологиялық тұрғыдан алдыңғы қатарлы шешімдер енгізіледі.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27