«Болашақ ойындары - 2026»: GTB KZ командасы жарыс жолынан шықты
Болашақ ойындарының алғашқы күнінде фиджитал баскетбол жарысы өтіп жатыр. Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде сол жарысты тамашалап жүргендердің арасында әріптесім Азамат Бейбітұлы да бар. Ол қазір тікелей байланыста. Стадиондағы атмосфера қалай?
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Стадиондағы көңіл күй тамаша! Киберспорт пен кәдімгі спорттың да жанкүйерлері жиналып, біресе онлайн, біресе офлайн ойынды тамашалап отыр. Дәл қазір фиджитал баскетбол жарысы өтіп жатыр. Ережесін түсіндіріп өтейін. Бұл дисциплина екі кезеңнен тұрады. Әуелі командалар онлайн ойында он минут сайысқа түседі. Қай команда 19 ұпайды бірінші жинаса, сол бірінші кезеңде жеңеді.
Екінші кезеңде командалар 7 минут баскетбол ойнайды. Жалпы есепте қай команда 39 ұпайға бірінші жетсе, сол жеңіске жетеді.
Өкінішке қарай, бүгін қазақстандық GTB KZ командасы қытайлық командадан жеңіліп қалды. Цифрлық кезеңде қарсыластар ұпай санымен ұзап кетті. Физикалық кезеңде GTB KZ басым түскенімен, жалпы есепте сәл ғана айырмашылықпен 27:30 есебімен жеңілді. Осылайша қазақстандық команда жарыс жолынан шықты.
Бүгін фиджитал баскетболда тағы бір командамыз сайысқа түседі. «Астана» деп аталатын клуб сербиялық командаға қарсы ойын өткізеді. Бұл матч шамамен сағат 18:30-да басталады.
Жалпы, «Болашақ ойындарындағы» дәл осы фиджитал баскетбол көрермендер үшін аса қызықты өтіп жатыр. Себебі ойын өте тартысты. Бір команда цифрлық тұрғыдан мықты болса, екіншісі физикалық кезеңде басымдық танытып жатыр.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32