Ұлттық теледебат жоғары деңгейде ұйымдастырылды
Тікелей эфирдегі теледебат – партиялар үшін ашықтық пен жариялылықтың маңызды алаңы. Мұндағы басты ерекшелік – партиялар арасында жауапкершілік артады. Бұл - саяси модельдің ең басты ерекшелігі. Сарапшылар пікірі осындай.
Ұлттық арнаның мұрындық болуымен өткен теледебаттың ерекшелігі тек мазмұнымен емес, ұйымдастырылуымен де көзге түсті. Себебі, саяси пікірсайыс басталардан бұрын-ақ телеарна аумағы ерекше алаңға айналды. Әр партияның жақтастары өз кандидаттарына қолдау білдіру үшін жиналып, көтеріңкі көңіл күй қалыптастырды. Олар партия жалауларын көтеріп, плакаттар ұстап, ұрандар айтты. Кейбірі барабан соғып, ұлттық музыкалық аспаптарда өнер көрсетсе, енді бірі ән шырқап, көпшіліктің назарын аударды.
Ал студия ішінде әр партияның қолдаушылары бірлігін көрсетті. Кандидаттарға сәттілік тілеп, олардың сайлауалды бағдарламаларын қолдайтындарын білдірген азаматтар да аз болған жоқ. Осылайша, ұлттық теледебат басталғаннан аяқталғанша телеарна аумағында қызу саяси атмосфера қалыптасып, сайлауалды науқанның белсенді кезеңі айқын сезілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы