Басты Жаңалықтар «Сайлау-2026»: Ақпараттың қауіпсіздігі мен ашықтығы маңызды

«Сайлау-2026»: Ақпараттың қауіпсіздігі мен ашықтығы маңызды

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануға шектеу жоқ. Алайда заң шеңберінде тиісті талаптар сақталуы тиіс. Бүгін осы мәселені талқылаған сарапшылар жаңа Конституция мен алдағы Құрылтай сайлауына қатысты пікір білдіріп, саяси науқан алдындағы медиа және цифрлық платформалардың ашықтығына, ақпараттың дұрыс таралуына, жалған ақпаратпен күресу жолдарына тоқталды. Сөздерінше, сайлауалды үгіт-насихат кезеңі ресми түрде басталғалы саяси партия өкілдері белсенді жұмыс атқарып келеді. Бұл ретте жаңа технологияларды пайдалануда белгілі бір тәртіптің сақталуы маңызды дейді сарапшылар. Әлеуметтік зерттеу жүргізген Стратегиялық зерттеулер институты алдағы саяси науқанға халықтың 70 пайыздан астамы қатысады деп болжап отыр.

Жандос Шаймарданов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Шілде айынан бастап біздің елімізде Цифрлық кодекс күшіне енді. Енді әр контент, әр продукт дейміз ғой, ЖИ пайда болған кезде маркировкадан өтуі керек. Яғни бір ролик жасалған болса, бұл роликте арнайы жазба болуы керек. Сол кезде ғана біз оны ресми түрде қолдана аламыз.

Найла Мұхтарова, саясаттанушы:

Менің ойымша, саяси партиялар саяси бағдарламаларын ұсынған кезде, агитациялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген кезде адамның сенім психологиясын алға тартып, оны неғұрлым таза, ашық түрде жүргізуі керек деп ойлаймын.


Бөлісу