Басты Жаңалықтар Қызылордада қайтарылған активтер есебінен жаңа емхана бой көтеріп жатыр

Қызылордада қайтарылған активтер есебінен жаңа емхана бой көтеріп жатыр

Қызылордада қайтарылған активтер есебінен 6,5 млрд теңгеге жаңа емхана салынып жатыр. Әлеуметтік нысан бір ауысымда 400-ге дейін науқасты қабылдай алады. Сондай-ақ 35 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Қазір жұмыс істеп тұрған емхана 1966 жылы салынған, ғимараты әбден ескірген. Ал жаңа кешеннің құрылысы жыл соңында аяқталса, онда 300-ден астам маман еңбек етеді. Мұнда диагностикадан өтіп, оңалту емін алуға болады. Бұған қоса, стоматология кабинеттері, зертхана және медициналық құралдарды зарарсыздандыру бөлімі жұмыс істейді.

Айта кетейік, 2024–2026 жылдары Арнаулы мемлекеттік қордан 500-ден астам әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыруға 610 млрд теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде денсаулық сақтау саласында жалпы құны 170 млрд теңгеден асатын 191 жоба қаржыландырылды.

Алмас Әбілпатта, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бұл медициналық нысан өз кезегінде заманауи медициналық техникалармен толық қамтамасыз етілетін болады. Оның ішінде 128 кескінді компьютерлік томограф, 4 заманауи УДЗ аппараты, рентген аппараттары бар. Қазіргі таңда құрылыс қарқынды жүріп жатыр.


Бөлісу