Қазақстандықтардың 87,3 пайызы «Заң мен тәртіп» қағидатынан хабардар
«Елде заң мен тәртіпті сақтауға ең алдымен кім жауапты?». Қоғамдық даму институты жүргізген зерттеуге сүйенсек, халықтың 43,6%-ы мемлекет пен азаматтар жауапкершілікті тең дәрежеде көтереді деп есептейді. Ал 30,6%-ы жауапкершілік әрбір қазақстандыққа жүктеледі деп санайды.
Жалпы, халықтың 87,3%-ы «Заң мен тәртіп» қағидаты туралы хабардар. Зерттеу нәтижелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына қолдау жоғары екенін де көрсеткен. Мәселен, респонденттердің 67%-ы «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын маңызды бастамалардың бірі деп атаған.
Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандар мектептердің қолжетімділігіне ең жоғары баға берген. Бұған қоса, мәдениет үйлері, демалыс орындары, балабақшалар мен спорт кешендерінің де қолжетімділігіне риза екенін айтқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы