Шымкентте заңсыз салынған екі мыңнан астам тұрғын үй анықталды
Шымкентте құжаты жоқ екі мыңнан астам тұрғын үй анықталды. Қалалық жер қатынастары басқармасының мәліметінше, арнайы жұмыс тобының зерделеуінен кейін бұл баспаналардың 483-і тұруға жарамсыз деп танылды. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін нысандардың жартысы сүріліп, жер учаскелері мемлекеттік қорға қайтарылды.
Мамандардың айтуынша, тығырыққа тірелген тұрғындардың көбі алаяқтардың арбауына түскен. Олар «құжатын кейін жасап береміз» деген құрғақ уәдеге сеніп, қоныстанып алған. Осыған байланысты өз бетінше салынған өзге тұрғын үйлерді заңдастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Айта кетейік, жыл басынан бері басқармаға 22 мыңнан астам адам өтінішпен жүгінген.
Азат Исламов, қалалық Жер қатынастары басқармасының басшысы:
2026 жылы салынған, жаңадан басып алынған жерлер заңдастырылмайды. Барлығы тек қана инженерлік желілерге қосылған, су мен электр жүйелерімен қамтылған, бұрыннан тұрып келе жатқан үйлер ғана заңдастырылады. Қазіргі таңда заңдастыруға көмектесеміз. «Жекеме шық» деген сияқты әлеуметтік желілерде тарап жатқан түрлі шындыққа жанаспайтын ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32