Басты Жаңалықтар Tarlan Astana: Жаңа тарифтер іске қосылады

Tarlan Astana: Жаңа тарифтер іске қосылады

Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігімен жиі қатынайтындарға жеңілдіктер енгізілмек. Бірреттік жол жүру құны бұрынғыша 200 теңге. Ал 1 күндік ақы – 500 теңге, 3 күндік алсаңыз – 1 500 теңге, 5 күнге – 2  500, 10 күнге – 4  000 , 15 күнге – 5  000, ал 1 ай – 7  500, 3 айға – 20 000 теңге төлеу қажет. Бұдан бөлек, сапар санымен есептелетін тариф түрлері де бар. 5 сапар – 900 теңге, 10 сапар – 1 800 теңге, 20 сапар – 3  500, ал 30 сапар – 5 000 теңге тұрады.

Тарифтерді жеңіл рельсті көлік бекеттеріндегі кассаларда сатып алуға болады. Көлік картасы жоғалған жағдайда ішіндегі қаражат қайтарылмайды және басқа картаға аударылмайды. Ескеретін жайт: тарифті айдың 15-іне дейін сатып алсаңыз, ай соңына дейін жарамды болады. 15-інен кейін сатып алынған жағдайда тарифтің қолданылуы келесі айдың 1-інен басталады.

Бөлісу