Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевтің жолдамасы қажет емес. Тамыздан бастап мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібі өзгереді. Дәрігерлер диагностикалық тексерулер кезінде цифрлық технологияларға жүгіне алады. Ол диагнозды дәлірек қоюға сеп болмақ. Сонымен қатар МӘМС аясында көрсетілетін қызмет кеңейеді. Тұқым қуалайтын аурулар мен даму ауытқуларын ерте анықтауға арналған скринингтер сақтандыру арқылы жүргізілмек. 3 тамыздан бастап тағы қандай өзгерістер күшіне енеді?
Иә, келесі аптадан бастап медициналық қызмет алу мүмкіндігі кеңейеді. Мәселен, енді пациентке қажет көмек тек емханада ғана емес, шұғыл жағдайда дәрігерлердің мобильді бригадалары үйде, арнайы медициналық көліктерде, медициналық пойыздарда, травматологиялық пункттер мен білім беру ұйымдарында көрсетіледі.
Гүлжан Тоқанқызы, №5 отбасылық денсаулық орталығы бөлімшесінің меңгерушісі:
Емдеу нәтижелері бұрын бізде көп жерде қалып қоятын. Ол еш жерде мониторинг жасалмайтын. Бүгінгі күнде ол цифрландырылып жатыр. Барлығы жіті бақылауда. Науқас статусы болады. Толық жазылды, толық жазылған жоқ. Цифрлық жүйеде сондай тетік пайда болды. Бұл дегеніміз - басқарушы органдарға медициналық ұйымның жұмысын, сапасын тексеруге үлкен көмек.
Сондай-ақ ем алушылардың дәрігерге жазылуы жеңілдейді. Қазір дәрігерге қосымша жолдама алу үшін науқас учаскелік дәрігерге жүгінуі қажет. Тамыздан бастап емхананың тіркеу бөліміне, колл-орталығына, мобильді қосымшаға немесе eGov порталына жүгінсе жеткілікті. Егер дәрігер қосымша тексеру қажет деп тапса, қажетті маман қабылдауына жолдама бере алады.
Гүлдана Есәлиева, №5 отбасылық денсаулық орталығының жалпы тәжірибе дәрігері:
Біріншіден, пациентке байланысты аймақ дәрігеріне жүгіну азаяды. Ал аймақтық дәрігер үшін физикалық жүктеме азаяды. Бұрын белгілі бір диагноз қойылғаннан кейін қосымша бейінді мамандарға тағайындаған уақытта ол міндетті түрде аймақ дәрігеріне қайта келеді. Сол маманға жолдайды. Ол мамандарда қосымша өзгерістер пайда болуы мүмкін. Соған байланысты бір пациенттің 3-4 келуіне дейін азайды. Пайыздық мөлшерлемемен келетін болсақ, әлі де бір 20 пайызға азаяды деген ойдамыз.
Бұдан бөлек медициналық мекеме екі ай бұрын дәрігерінің жұмыс кестесін жариялауы шарт. Пациенттер дәрігердің қай күні, қай уақытта бос болатынын 60 күн бұрын көріп, қабылдауға ыңғайлы уақытты таңдай алады. Сондай-ақ науқастың диагнозы мен ем алу жоспары электронды жүйеде сақталуы міндеттеледі. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттарды қағаз түрінде рәсімдеуге рұқсат. Алайда бір айдан кешіктірілмей цифрлық базаға енгізілуі тиіс.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07