Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
Соңғы үш жылда техникалық және кәсіптік білім беру саласына қолдау артты. Мемлекеттік білім беру тапсырысы 48 мың орынға көбейіп, колледж студенттерінің саны 543 мыңнан 556 мың адамға дейін өскен. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің төрағалымен өткен кеңесте айтылды. Жиында колледждердегі білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талабына бейімдеу, ескірген мамандықтарды қысқарту және жаңа бағыттарды енгізу мәселелері қаралды. Осыған байланысты Аида Балаева Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес техникалық мамандықтардың беделін арттыруға және экономиканың басым салаларына қажетті білікті кадрларды даярлауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ колледждердің материалдық базасын жаңарту, дуальды оқытуды кеңейту және жұмыс берушілермен байланысты күшейту міндеттері қойылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы