Қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызы түсіндірілді
Елордадағы Триатлон саябағында тұрғындар мен демалушыларға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызы түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар үлестірілді. Іс-шараға полиция және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қатысты. Азаматтарға қоғамдық орындағы тәртіпті еске салып, белгіленбеген аумақта суға түсу қауіпті екенін жеткізді. Айта кетейік, жаз мезгілі басталғалы Алматы ауданында қоғамдық орындарды ластағаны үшін 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушыларға айыппұл салынып, қоғамдық жұмыстар міндеттелді.
Нұралы Тәңірбергенов, Алматы ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы:
Күніне 3 рет учаскелік инспекторлар 1-2 сағат осы жерде аралау, барлау жұмыстарын өткізіп жатады. Себебі қазір жаз мезгілі. Жаз мезгілінде триатлон паркте өте көп адамдар шоғырланады. «Таза Қазақстан» акциясы аясында қазір полиция қызметкерлері күнделікті жұмыс атқаруда. Яғни мұның бәрі тазалықты сақтауға бағытталған.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17