ІІМ дипфейк пен жалған брокерлерден сақ болуға шақырады
Соңғы уақытта ел аумағында түрлі жобаларға инвестиция салу және ақша енгізу сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық фактілері жиілеп барады. Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дипфейк, яғни танымал тұлғалардың бейнелерін қолдану арқылы азаматтарды түрлі инвестициялық жобалар мен қорларға қаражат салуға үгіттейді. Осылайша, олар азаматтарға жылдам әрі кепілдендірілген табыс табуға уәде береді. Жалған брокерлермен байланысқа шыққан кезде қаскөйлер мобильді қосымшаларды орнатуды, сілтемелерге өтуді немесе ақшаны «инвестиция», «аккаунтты тіркеу» не «табысты ұлғайту» деген желеумен үшінші тұлғалардың шоттарына аударуды ұсынады. Әдетте, ақша аударылғаннан кейін жалған брокерлермен байланыс үзіліп, уәде етілген табыс түспейді. Киберқылмысқа қарсы күрес мамандары азаматтарға күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге кеңес береді және белгісіз адамдарға, күмәнді шоттарға ақша аудармауға шақырады.
Бейбіт Біржанов, ҚР Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы:
ІІМ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау, сондай-ақ алаяқтық интернет-ресурстар мен ақша қаражатын шығаруға арналған арналарды бұғаттау жөнінде шаралар қабылдауда.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05