12 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Жетісу облысында жыл басынан бері пайдаланылмай жатқан 12 мың 854 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның кадастрлық құны 1,5 миллиард теңгеден асады. Сондай-ақ тексеріс кезінде Көксу ауданында игерілмей жатқан тағы 7 мың гектардан астам жер анықталды. Қазір оларды мемлекетке қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Қайтарылған жерлер конкурс арқылы қайта бөлініп, ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің игілігіне беріледі. Бұл мал және егін шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Мамандар жерді тиімді пайдалану мен оны бөлудің ашықтығы тұрақты бақылауда екенін айтады.
Әділет Әлімқұлов, Көксу ауданының прокуроры:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде, жайылым жерлерде жер иелерінің міндетті түрде ауыл шаруашылығы мақсатындағы мал басы болуы қажет. Сол себепті қазіргі таңда ветеринарлық мамандармен салыстыру жүргіземіз. Кімде мал басы тіркелмеген болса, сол жерлердің иелеріне қатысты шара қолдану үшін уәкілетті органға енгізілетін болады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28