Сарапшы: Қазақстандықтардың 70 пайызы сайлауға қатысуға ниетті
Қазақстандықтардың шамамен 70 пайызы алдағы сайлауға қатысуға ниетті. Бұл туралы Семейде өткен «Sarap» сарапшылар клубының көшпелі отырысында таныстырылған әлеуметтік зерттеу нәтижелерінде айтылды.
Басқосуда өңірлердің сайлау үдерісіндегі рөлі, азаматтардың саяси белсенділігі және электоралдық мәдениетті арттыру мәселелері талқыланды.
Партиялық тізімге енгізілген 546 үміткердің 20-сы Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері. Олар білім беру, денсаулық сақтау, бизнес және атом өнеркәсібі секілді түрлі саланы қамтиды.
Сонымен қатар зерттеу нәтижесіне сәйкес, жастардың 17 пайызы өздерінің құқықтық сауатын әлі де жетілдіру қажет деп санайды. Сарапшылар мұндай кездесулердің азаматтардың, әсіресе жастардың сайлау мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал ететінін айтты.
Риззат Тасым, Қазақстандық қоғамдық даму институтының институционалдық талдау және реформалар орталығының директоры:
Зерттеу институттарының бұған дейін жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде қандай ерекшеліктер бар, қандай әлеуметтік мәселелер маңызға ие, әсіресе жастардың сайлауға қатысу мәселелеріне тоқталмақпыз. Мысалы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының жүргізген әлеуметтік зерттеуіне қарасақ, бүгінгі таңда 70%-ға жуық сайлаушы алдағы уақыттағы сайлауға қатысатынын мәлімдеген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы