Басты Жаңалықтар Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады

Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады

Бүгін Астана әуежайы әлемдегі ең ірі жүк тасымалдаушы компаниялардың бірі — «Cathay Pacific Cargo» әуе компаниясының жүк рейсін қабылдады. Гонконгтың ұлттық әуе компаниясының елордаға алғашқы рейсін дәстүр бойынша, су бүркіп, ерекше құрметпен қарсы алды.

Бұдан былай бұл алып ұшақтар Астанаға аптасына бес рет қонады. Жауапты мамандардың айтуынша, бұл — ел экономикасы мен халықаралық сауда байланыстарын дамытуға үлкен үлес қосады. Себебі аталған компания жылына 1,5 миллион тоннадан астам жүкті «Боинг» көліктерімен жеткізеді.

Вики Менделсон, Cathay Pacific Cargo әуе компаниясының екінші ұшқышы:

Өзім Жаңа Зеландияданмын, осы ұшақтың екінші ұшқышымын. Бұл бағыт бізге де, қазақстандықтар үшін де таңсық әрі қызық. Бұрын Еуропаға барар жолда осы аймақтың үстімен жиі ұшатынбыз. Енді міне, осында келіп, өз көзімізбен көріп жатқанымызға өте қуаныштымыз.

Астана халықаралық әуежайы өкілінің айтуынша, бұл жоба бойынша жұмыс екі жыл бойы жүргізілген. Әзірге ұшақ Қазақстаннан жүк алмайды, тек әуе отынын құю үшін 1 сағаттан астам уақыт аялдайды. Әрі қарай Еуропаға ұшып кетеді. Кері қайтқанда да елорда әуежайына тоқтайды.

Сәрсенбек Көшкінов, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ атқарушы директоры:

Біз технический стопты бастадық. Әрі қарай дамытып, қарым-қатынастарымызды дамытып, коммерциялық жүк тасымалдау Астанадан өткізу үшін әрі қарай тырмысып жұмыс жасаймыз. Бұл рейс технический стоптардан бастап, әрі қарай жайлап жүк тасымалдауға өтеді. Бұл бірінші бастамамыз.

Бөлісу