МӘМС қорының төрағасы қаржы жымқыру ісіне қатысты пікір білдірді
МӘМС қорының төрағасы қаржы жымқыруға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір құқық қорғау органдары тергеп жатқан заңсыз қаржы алу деректерінің басым бөлігі 2024-2025 жылдарға қатысты. Бұл материалдардың едәуір бөлігін қордың өзі бақылау барысында анықтап, құқық қорғау органдарына жолдаған. Қор мәліметінше, заң бұзушылықтар көрсетілмеген медициналық қызметтерді рәсімдеу, қызмет көлемін қолдан ұлғайту, азаматтарды жалған тіркеу және МӘМС қаражатын заңсыз алу схемаларымен байланысты. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында қор жалпы сомасы 4,5 миллиард теңгеге қатысты 72 материалды құқық қорғау органдарына жіберген. Соның нәтижесінде 27 қылмыстық іс тіркеліп, алдын ала анықталған залал көлемі 3,7 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ қор қаржылық бақылаудың жаңа моделіне көшіп жатқанын хабарлады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы