Сочидің дайындығына ХОК басшысының көңілі толады
Сочиде Олимпиаданы жоғары деңгейде өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах хабарлады.
Ол спорттық нысандардың тексерістен өткенін, ал Олимпиадалық ауылдардың дайындығы жақсы екенін атап өтті. Спортшылардың дені жаттығуларға жаяу келеді. Себебі, Ванкувер, Турин және Солт-Лейк-Ситиге қарағанда, бұл жақтағы нысандардың арасы алшақ емес.
Ал антитеррорлық шараларға қатысты Бах Олимпиада ойындары кезіндегі қауіпсіздік 1972 жылы Мюнхенде өткен Олимпиададағы теракттан бері аса маңызды екенін айтты. 2002 жылғы Олимпиада ойындары 11 қыркүйектегі теракт оқиғасынан соң бірнеше айдан кейін болғанын да еске алды ол.
ХОК басшысы Ресейдегі қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде екенін айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00