Сочи-2014. Норвегиялық спортшы бұғанасын сындырып алды
Сочиде дайындығын пысықтап жатқан норвегиялық сноубордшы Торстейн Хоргмо бұғанасын сындырып алды, деп хабарлайды USA Today.
Торстейн Хоргма слопустайл бойынша жүлдеге үмітті спортшылардың бірі болатын. Ол жолдан шығып кетіп, шарбаққа соғылған.
Норвегия олимпиадалық құрамасының дәрігері Эллен Моэннің сөзінше, спортшының жарақаты аса ауыр емес, алайда Сочи Олимпиадасына қатыса алмайды.
Ал британдық сноубордшы Билли Морган Сочидегі жолдың тез әрі қауіпті екенін мәлімдеді. Оны ұлыбританиялық Дженни Джонс мен фин Роопе Тонтери де қолдады. Олар жолдарға өзгергіс енгізілуі керек екенін айтады.
Шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) ресми өкілі Билл ван Гилдер жолға өзгерістер енгізуге уәде берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00