Медициналық қызметтердің 88 пайызы электрондық форматқа ауысты
Медициналық қызметтердің 88 пайызы электрондық форматқа ауысты. Соның арқасында медициналық ұйымдар мен дәрігерлер жұмысын қадағалау күшейіп, емделушілерді дәрі-дәрмекпен қамту, анықтамалар мен рецепттер беру жеңілдеген. Цифрландыру былтыр 10,6 миллиард теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеген. Ал қазір пациенттерді цифрлық сәйкестендіру 1950 ұйымға енгізілген. Қабылдаулардың 73 пайызы Face ID арқылы жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ бірыңғай цифрлық контурда 21,3 мың медициналық ұйым, 275 мың медицина қызметкері және 141 мың техника туралы дерек жинақталған. Мемлекеттік және кадрлық жүйелердің мұндай интеграциясы деректерді қолмен енгізуді азайтады. Соның арқасында қызметкерлерге түсетін әкімшілік жүктеме 30-40 пайызға төмендеген.
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17