Cочи Олимпиадасын екі телеарна көрсетеді
Сочи Олимпиадасын Қазақстан телерадикорпорациясына қарасты «KAZsport» телеарнасы және «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Бұл туралы Мәденеит және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалиянбеков мәлімдеді.
Комитет басшысы Қазақстан аумағында ойындарды көрсету үшін аталмыш екі телеарнаға айрықша құқық берілгенін жеткізді. Олимпиаданы басқалай жолдармен немесе рұқсатсыз көрсеткендер қолданыстағы заңнама аясында жауапқа тартылады.
Болат Қалианбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы:
Тікелей эфирде 190 сағат, ал барлығын қосқанда 350 сағат көрсетілім болады деп жоспарлануда. Олардың басым бөлігі, яғни 240 сағаты «KAZsport» телеарнасынан көрсетіледі. Орташа алғанда күніне 14 сағат, ал кей күндері 24 сағат ойындар көрсетіледі. Яғни отандық көрермендерге барлық ойындарды толығымен тамашалауға мүмкіндік жасалды.
Сочидегі Олимпиада ойындарының алғашқы көрсетілімдері ертеңнен басталады. Сноуборд сайысының іріктеу ойындарын «KAZsport» телеарнасы ертең күндіз, 11-ден 55 минут кеткенде көрсете бастайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00