Онлайн марафон жалғасып жатыр
Құрылтай сайлауына орай ұйымдастырылған жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр. Таңғы 9-да басталған трансляция түнгі 12 жарымға дейін болады. 16 сағаттық бағдарлама сан алуан тақырыпты қамтымақ. Әріптесім Ернұр Медет те осы талқы алаңнан байланысқа шығуға дайын. Ернұр ауқымды марафон қалай өтіп жатыр? Нақты қандай мәселелер талқыланады?
Ернұр Медет, тілші:
Қайырлы таң, Алла. Сауалдан сұхбатқа, одан әрі салмақты пікірге ұласқан марафонның алғашқы сағаты артта қалды. Қазір Қазмедианың іші қыз-қыз қайнап тұр. Себебі Бүгін республикалық және аймақтық медиалар, ақпараттық порталдар мен әлеуметтік желілер бір ақпараттық алаңға бірігіп отыр. Марафонның трансляциясы 38 YouTube-арнада көрсетіледі. Оның ішінде 14 республикалық, 14 аймақтық телеарна және 10 ақпараттық портал бар. Бұған қоса эфир Qazaqstan телеарнасының ресми цифрлық платформаларында, әлеуметтік желілерде таратылады. Ал эфирдің өзіне келсек, жаңа ғана Орталық сайлау комиссиясының брифингі болды. Алматыдағы SKY студиясында ғылым, инновация және стартаптардың болашағы сөз болып жатыр. Одан кейін «Заң және тәртіп» тақырыбында пікірталас өтеді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17