Сайлау учаскелерінде барлық азаматқа тең жағдай жасалған
Қарағанды облысында ерекше қажеттілігі бар 55 мыңға жуық адам бар. Сондықтан сайлау учаскелерінің барша азаматқа қолжетімді болуы – маңызды талап. №16 сайлау учаскесінде есту қабілеті төмен сайлаушылар үшін портативті индукциялық жүйе орнатылған. Құрылғы дыбысты адамның есту аппаратына тікелей жеткізіп, айналадағы шуды азайтады. Бұл сайлаушыларға комиссия мүшелерінің сөзін анық естуге мүмкіндік береді. Онымен қоса көру қабілеті нашар азаматтарға арналған тактильді жолақтар да қарастырылған.
Салтанат Мақаева, №16 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
Таңнан бастап сайлаушылар, жақсы белсенді қатысып жатыр. Жалпы сайлау учаскесінде 1922 сайлаушы бар, оның ішінде 13 адам мүгедектігі бар сайлаушылар. Жалпы әр сайлаушыға ешқандай кедергісіз жағдай жасалынған.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05
Қазақстан мен Корея бірлескен жобаларды іске асырады
15.09.2026, 17:02
Қазақстан мен Корея сауда айналымын екі есе арттырмақ
15.09.2026, 17:00
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09