Толтырылған бюллетеньдерді әлеуметтік желіге жүктеу заңға қайшы
Толтырылған бюллетеньдерді фото, бейне арқылы әлеуметтік желіге жүктеу Заңға қайшы. Ол үгіт-насихат болып табылады. Бас прокуратура осыны ескертеді. Дейтұрғанмен Құрылтай депутаттарын сайлауда аса бір заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Сайлауға қатысты прокуратура органдарына өтініштер, ал соттарға талап-арыздар түспеген.
Ерлан Жанпейсов, ҚР Бас Прокуратурасының ресми өкілі:
Бүгін кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынған. Толтырылған бюллетеньдерді фото-бейне жазбаға түсіру және тарату да үгіт болып табылады. Алайда бүгінде осындай заңның бұзылу фактісі анықталды. Бұл дерек бойынша Алматы тұрғыны ҚР ӘҚБтК 102-бабымен жауапқа тартылды. Ол кінәсін мойындап, жарияланымын алып тастады. Осыған байланысты біз барлық азаматты заңды сақтауға шақырамыз.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17