Түркі елдерінің байқаушылары сайлау барысын жоғары бағалады
Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылары Алматыдағы сайлау учаскелеріне барды. Алты учаскені аралаған олар азаматтардың белсенділігін, дауыс беру үдерісінің ашықтығын, сайлау комиссиясы мүшелерінің жоғары деңгейдегі дайындығын ерекше атап өтті. Байқаушылар Қазақстанның дауыс беруге қолжетімді жағдай жасау тәжірибесі ерекше назар аударуға лайық екенін айтты. Сондай-ақ, Құрылтай депуттаттарының сайлауы бүкіл түркі әлемі үшін маңызды оқиға деп отыр. Дауыс беру күніне дейін миссия өкілдері саяси партиялармен кездесіп, сайлау науқанының барысын талқылапты.
Филиз Кылыч, Түркия ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты:
Сайлау учаскелері өте жақсы дайындалған. Әсіресе, мүгедектігі бар адамдар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Жауапты тұлғалар сайлауды ұйымдастыру мәселесін жақсы меңгерген.
Ұлықбек Карыбек Уулу, Қырғыз Республикасы жоғары кеңесінің депутаты:
Түркі тілдері өлкелердің ішінен ең бірінші болып Құрылтай аталым мен мағынаны алып, ең жоғарғы деңгейдегі депутаттар аталымы болып жатқанымен құттықтаймын. Қырғыз-қазақ ортасында Құрылтай деген сөз ең жоғары деңгейде бағаланады.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17